$ 506.21  568.42  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Басым айналып қалды»: Ақтөбелік емші алдына келген науқастарға несие алдырған

Халық емшісінің келтірген жалпы шығын көлемі 406 миллион теңгеден асады

«Басым айналып қалды»: Ақтөбелік емші алдына келген науқастарға несие алдырған
Фото: pixabay

Ақтөбеде алдына ем іздеп келген 100-ге жуық адамды алдаған емшіге қатысты сот басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК-ға сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша, Сұлушаш есімімен өңірге танымал келіншек науқастарға миллиондап несие алдырған. Қызығы сол, алданғандар қалай басы айналып қалғанын білмейді.

Емшіге қатысты алғашқы сот процесіне келушілер көп болды. 95 адам жәбірленуші деп танылған. Ең қызығы, оның ішінде емшінің ет жақын туыстары да, сыныптастары мен ауылдастары да бар.

«Дем саламын» деп, бәрінің басын айналдырған. Жәбірленушілер гипнозда жүргендей күй кештік, несиені қалай алып, қолма-қол қалай санап бергенімізді білмей қалдық деп отыр. Халық емшісінің келтірген жалпы шығын көлемі 406 миллион теңгеден асады.

Серіктес жаңалықтары