$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.06.2020, 09:43
Жаңалықтар

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған 5 адам тіркелді

Облыста вирус жұқтырғандардың жалпы саны — 389 адам

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған 5 адам тіркелді
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлімдеді.

«Скринингтік тексеру барысында COVID-19 инфекциясы 3 әйел мен 2 ер адамда анықталды. Олар — Кентау қаласының 1962, 1959 жылғы, Сайрам ауданының 1963, 1975 жылғы және Арыс қаласының 2002 жылғы тұрғындары», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, оқшауланып, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр. Олармен жақын байланыста болған азаматтар анықталып, медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Түркістан облысында вирус жұқтырғандардың жалпы саны — 389, олардың ішінде жазылып шыққандар саны — 247.

Серіктес жаңалықтары