Атасы мен немересінің бір-біріне деген сағынышы жұрттың жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Желі қолданушылары жүрек елжіретер видео жайлы жылы лебіздерін білдірді

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Желіде атасы мен немересінің бір-бірін сағынысып көріскен сәтінен видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода кішкентай бүлдіршіннің ауылға атасына қонаққа барғаны түсірілгенін, екеуінің сағынысып, құшақтасқан сәті көрініс тапқан.

«Атасын сағынып, қаладан ауылған тосынсый болып келіп тұр. Атасының реакциясы көз қуантады», - деп жазды желі қолданушылары.

Желі қолданушылары жүрек елжіретер видео жайлы жылы лебіздерін білдірді.

«Жаным сол, қайдан біледі деші, жүгіріп, атасын құшақтап тұрған тұрысын-ай», «Уау, қандай әдемі көрініс», «Тфай тфай. Атасы жүзге келсін!», «Бұл енді ерекше махаббат!», «Жаным кішкентай, атасына жүгірді ғой, денің сау болсын, тәтті кыз», «Керемет! Атасы мен немересіне Алла ұзақ ғұмыр берсін!» - деп жазды желі қолданушылары.