Баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ
Kaspi банк Талдықорғандағы дүкендердің бірінде терминалдан тоқ соққан баланы емдеуге көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз болған жағдайға қатты өкінеміз. Баланы емдеуге барынша көмек көрсетіп жатырмыз. Отбасымен байланыстамыз. Баланың тез жазылуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деп жазылған банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Банк мамандары дереу дүкенге барып, оқиғаның себебін мұқият тексеріп жатыр.
Еске сала кетейік, Жетісу облысының жаңалықтарын тарататын паблик авторы Айдос Кертаев баласын дүкендердің бірінде тұрған терминалдан тоқ соққанын айтты. Ол тұрғындарды абай болуға шақырып, баласын тоқ ұрған сәттің видеосы мен оның ауруханадағы суретін жариялады.