Алматыда әлемнің үздік хирургтері тікелей эфирде 15 ота жасады
Оны Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген дәрігерлер мен мамандар бақылап отырды

Алматыда Live-surgery халықаралық шеберлік сағаттары өтіп, әлемнің үздік хирургтері тікелей эфирде бірегей 15 ота жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше шеберлік сағаттары «Салауатты ұрпақ-Қазақстан болашағы» атты III Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның басты оқиғаларының бірі болды.
Конференция Қазақстаннан, Ресейден, Үндістаннан, Италиядан, Қытайдан, Израилден және басқа елдерден келген үздік дәрігерлердің, ғалымдар мен сарапшылардың қатарынан 600-ден астам қатысушыны біріктірді.
Форум алаңында Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Гүлнар Нұрланова, РҒА профессоры Роман Шмаков, ҚР ҰҒА академигі Вячеслав Локшин, Валье-де-Лили клиникасының (Колумбия) профессоры Альбаро және тағы басқалар баяндама жасады.