«Самұрықтың» таза табысы 2 есеге азайып, 167 млрд теңгені құрады

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы бұған себеп болған факторларды атады

Сурет ҚазАқпарат сайтынан алынды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөнінде өткен кеңесте қор төрағасы Ахметжан Есімов таза табыстың қалай көбейіп, қалай азайғанын айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Әлемдік экономикада орын алған рецессия мен қауіпті індеттің кеңінен таралуы қор тобына кіретін компаниялардың қазіргі жұмысына айтарлықтай әсерін тигізді. COVID-19 індеті, мұнай бағасының төмендеуі, ұлттық валюта бағамының құлдырауы өзінің теріс әсерін тигізіп отыр. Биыл қордың таза табысы 1,2 трлн теңгеден 167 млрд теңгеге дейін төмендемек. Әсіресе, «ҚазМұнайГаз» таза кірісінің 8,4 пайызынан қағылады деп болжанып отыр. Әуе және темір жол жолаушылары ағының көлемі 40 пайызға дейін азаймақ», - деді Ахметжан Есімов.

Айта кетейік, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес өтті.