21.04.2025, 13:10
Жаңалықтар
Рим Папасы қайтыс болды
Ол 88 жасында өмірден өтті
Фото: Buda Mendes / Getty Images
Рим Папасы Франциск ұзақ дерттен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рим-католик шіркеуінің басшысы Рим Папасы Франциск 88 жасында өмірден өтті.
«Рим Папасы Франциск Пасха дүйсенбісінде, 2025 жылы 21 сәуірде, Ватикандағы Casa Santa Marta резиденциясында 88 жасында қайтыс болды», - делінген ресми хабарламада.
Reuters агенттігінің мәліметінше, 12 жылдық қызметінде ол түрлі дерттерді басынан өткерді.
Айта кетейік, Рим папасы Қазақстанға 2022 жылы қыркүйек айында ресми сапармен келген болатын. Сол сияқты биыл Қазақстанға тағы да ресми сапармен келуі мүмкін екені хабарланған болатын.
Көп оқылған
10.09.2026, 14:21
«Әпкеңді ұрамын және ұра беремін»: Ақтөбеде экс-полицей жездесіне оқ атқаны үшін 10 жылға сотталды
10.09.2026, 12:57
Балқашта танысын пышақтап өлтіріп, тағы бір серігіне шабуыл жасаған ер адам 22 жылға сотталды