Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан үйлену тойын дүркіретіп өткізді (ВИДЕО)
Оның жұбайы да спорт саласында еңбек етеді

Әлемнің үш дүркін чемпионы атанған балуан Ризабек Айтмұхан құсын қолына қондырып, үйлену тойын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан 2023 жылы Сербияның Белград қаласында өткен әлем чемпионатында 92 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, еліміздің еркін күрес тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды.
Спорттық жетістіктері
- 2023 жылы: 92 келі салмақта әлем чемпионы атанды.
- 2024 жылы: 97 келі салмақта жастар (U20) және жастар арасында (U23) әлем чемпионаттарында алтын медаль иеленді .
- 2025 жылы: Азия чемпионатында 97 келі салмақта күміс медаль жеңіп алды.
Ризабек Айтмұқан 2004 жылы 29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылында дүниеге келген. Бойы – 191 см, салмағы – 97 кг. Ол еркін күреспен жас кезінен айналысып, 18 жасында ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанды.
2023 жылы Париж Олимпиадасына іріктеу жарыстарында 97 келі салмақта Әлішер Ерғалиға жол беріп, Олимпиадаға қатысу мүмкіндігінен айырылды. Дегенмен, бұл жағдай Ризабектің спорттық рухын төмендетпей, ол кейінгі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетті.