$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Рим Папасы Франциск биыл Астанаға келуі мүмкін

Оған қыркүйекте Астанада өтетін VIII Съезіне арнаған жеке шақырту табыс етілді

Рим Папасы Франциск биыл Астанаға келуі мүмкін
Фото: ҚР СІМ

Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшісі Тимур Примбетов Аса Қасиетті Рим Папасы Францискке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Салтанатты шара Рим Папасының «Domus Santa Marta» резиденциясында өтті.

Сыртқы істер министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, ресми қабылдау барысында Рим-католик шіркеуінің басшысы қазақ дипломатын Қазақстан Республикасының Ватикан мемлекетіндегі Елшілігінің ашылуымен құттықтап, табысты және жемісті жұмыс атқаруды тіледі.

«Рим Папасы Франциск Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қаңтардағы Ватиканға ресми сапарының қорытындыларын жоғары бағалады және 2022 жылғы қыркүйектегі Қазақстанға алғашқы мемлекеттік (апостолдық) сапары аясында көрсетілген жылы және шынайы қабылдау үшін тағы да алғысын жеткізді», – делінген хабарламада. 

Кездесу соңында Рим Папасы Францискке Қазақстан Президентінің биыл қыркүйекте Астанада өтетін VIII Съезіне арнаған жеке шақыртуы табыс етілді.

Серіктес жаңалықтары