«Қыздар әннің быт-шытын шығарды»: Мақпал Жүнісовамен дуэт болған КешYou тобы сынға қалды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Мақпал Жүнісова «Кетсеңде шалғай» әнін КешYou тобының 2016 жылғы құрамымен бірге шырқайды

Фото: Видеодан скрин

Мақпал Жүнісовамен бірге ән айтқан КешYou тобы жұрттың сынына қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мақпал Жүнісова «Кетсеңде шалғай» әнін КешYou тобының 2016 жылғы құрамымен бірге шырқайды.

Алайда Баян Мақсатқызы жетекшілік еткен топ жұрттың сынына ұшырады.

«Бәрінің де дауысы керемет екен, бірақ та Апамның (ред. – Мақпал Жүнісова) дауысы теңдессіз», «Мақпал апамыздың өзі айтқаны жақсы еді ғой», «Мақпал апамыз бөлек жаратылған ерекше жан ғой», «Мақпал, өзіңіз айтыңыз сізге ғана жарасады, қыздар быт-шытын шығарды», «Шіркін-ай, Мақпал апатайымның даусына жетер дауыс бар ма десеңші», «Мақпалдың дауысы шіркін ерекше ғой», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Ақботанұр КешYou тобынан кету үшін күйеуі ақша төлеуге мәжбүр болғанын айтқаны хабарланған болатын.