$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды қалалық Полиция департаментінің лауазымды қызметкері қайтыс болды

Ол 30 жылдан астам өмірін қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қорғауға арнады

Қарағанды қалалық Полиция департаментінің лауазымды қызметкері қайтыс болды
Фото: Қарағанды облысы ПД

Қарағанды қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары-полиция полковнигі Құсайынов Бекжан Төлеуұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшысы 53 жасында кенеттен өмірден өтті.

«Бекжан Төлеуұлы 30 жылдан астам өмірін Отанға қызмет етуге, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қорғауға арнады. Ол қызмет жолын 1992 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық Ішкі істер бөлімінде патрульдік-бекет қызметінде милиционер лауазымынан бастады.

Қызмет баспалдағының барлық сатысынан өткен Бекжан Төлеуұлы әр жылдары жауапты лауазымдарда қызмет етіп, кейінгі жылдары қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымында еңбек етті.

Ол әрқашан жоғары кәсіби біліктілігімен, өзіне және әріптестеріне талап қоя білетін қасиетімен, принцпшілдігімен, адалдығымен және адамдарға деген құрметімен ерекшеленді. Полиция полковнигі Құсаинов қызметіне адал, антына берік, шыншыл және қайырымды нағыз офицер болды», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары