Қазақстандағы COVID-19: 3 адам реанимациядан, 32 адам ауруханадан шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Жазылып шыққандардың көбі елорда тұрғындары

Қазақстанда тағы 32 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Сонымен қатар, 3 адам реанимациядан тұрақты палатаға ауысқан. Бұл туралы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлап отыр.

«Нұр-Сұлтан қаласында – 22,
Алматы қаласында – 6,
Қостанай облысында – 3,
Ақтөбе облысында – 1 адам инфекциядан жазылып шықты. Елімізде барлығы 6 606 адам COVID-19 вирусын жеңді», - деп жазады ведомствоаралық комиссияның дереккөзі.

Сондай-ақ, бүгін вирус жұқтырған 3 науқас реанимациядан тұрақты палатаға ауысты. Оның біреуі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, екеуі шымкенттік азамат. Жалпы, вирус басталғаннан бері 203 адам реанимацияға жатып шыққан.