«Дубай шоколады» халықаралық жаңғақ тапшылығына себеп болды

Автор: Алмас Ерсін

Кейінгі алты айда ирандық өндірушілер БАӘ-ге жаңғақты бұрынғы 12 аймен салыстырғанда 40 пайызға көп экспорттаған

Фото: istockphoto.com

«Дубай шоколады» негізінен АҚШ немесе Иранда өсірілетін фисташка тапшылығына әкелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

The Guardian басылымының мәліметінше әлеуметтік желіде өнімді жарнамалау АҚШ пен Иранның ауыл шаруашылығы экономикасына әсер еткен.

Фисташка қосып жасалатын бұл шоколад әлеуметтік желіде бірнеше видео жарияланғаннан кейін танымал болды.

Наурыз айына дейінгі алты ай ішінде ирандық өндірушілер БАӘ-ге жаңғақты бұрынғы 12 аймен салыстырғанда 40 пайызға көп экспорттаған. Ал әлем бойынша жетекші экспорттаушы АҚШ-та егіннің бітік шықпауынан онсыз да өнім тапшы болып жатқан еді.

Бұған дейін Stiftung Warentest қорының мамандары әртүрлі елдердегі Дубай шоколадын зерттеп, зиянды ингредиенттерді тапқан болатын.