$ 521.53  601.01  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Көліктен түсе салып қашқан»: Павлодар тұрғыны 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Жүргізушінің әрекеті күдік туғызғандықтан, оны медициналық куәландырудан өткізуге шешім қабылданды

«Көліктен түсе салып қашқан»: Павлодар тұрғыны 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
Иллюстративті фото: pixabay.com

Павлодарда жүргізуші медициналық куәландырудан бас тартқаны үшін 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Мәшһүр Жүсіп көшесінде Mercedes Benz автокөлігі полиция қызметкерлеріне күдікті болып көрінген.

«Жүргізуші көліктен түсіп, қашып кетуге тырысты, жолаушы полиция қызметкерлеріне кедергі келтіріп, оған "қашуға" көмек көрсете бастады. Жүргізушінің мінез-құлқы тәртіп сақшыларына күдік туғызғандықтан, оны медициналық куәландырудан өткізуге шешім қабылданды, бірақ жүргізуші бұл процедурадан бас тартты және полиция қызметкерінің заңды талабын орындамады», - деп түсіндірді полиция.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік материал жасалып, сотқа жіберілді. Сот шешімі бойынша жүргізуші 8 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды.

Сондай-ақ полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, олардың заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін жолаушыға қатысты әкімшілік материал жасалып, сотқа жіберілді.

Серіктес жаңалықтары