Қызметкерлердің 70%-дан астамы жұмыс күнінің ертерек басталуы мен аяқталуын қолдайды
Ақтөбе облысында әкімдік қызметкерлері жұмыс уақытын енді жарты сағатқа ерте бастайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық әкімдікгінің мәліметінше, өзгеріс 21 сәуірден басталады. Жаңа жұмыс кестесі 8.30-дан кешкі 17.30-ға дейін жалғасады. Ал түскі үзіліс 12:30-13:30 аралығында деп белгіленген.
«Бұл кесте мемлекеттік қызметшілердің пікірін ескере отырып бекітілген. Ішкі сауалнамаға қатысқан қызметкерлердің 70%-дан астамы жұмыс күнінің ертерек басталуы мен аяқталуының ыңғайлылығын ескере отырып, жұмыс режимінің өзгеруін қолдайтынын көрсетті. Өзгерістер мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және халыққа қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған. 21 сәуірге дейін жұмыс уақыты сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағ. 12:30-дан 14:00-ға дейін, — деп Ақтөбе облыстық әкімдігінің баспасөз хабарламасында жазылған.