$ 506.21  568.42  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскеменде үйінен қашып кеткен жасөспірім видеоталдау жүйесі арқылы табылды

Полицейлер жедел әрекет етіп, баланы ата-анасына тапсырды

Өскеменде үйінен қашып кеткен жасөспірім видеоталдау жүйесі арқылы табылды
Фото: ШҚО ПД

Өскеменде үйінен қашып кеткен жасөспірім видеоталдау жүйесі арқылы қайда жүргені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

17 жастағы жасөспірім ауылдық жерден қалаға ата-анасына хабар бермей кетіп қалған. Ұлдарының жоғалуына алаңдаған ата-анасы полицияға жүгінген.

Іздеу жұмыстары барысында қалалық бейнебақылау жүйесіне жасөспірімнің фотосуреті жүктелді. Нәтижесінде видеоаналитика оның қозғалысын тіркеп, даңғыл бойындағы камералардың бірі жасөспірімнің нақты жүрген орнын анықтады. Полицейлер жедел әрекет етіп, баланы ата-анасына тапсырды.

«Бейнебақылау жүйесіндегі бет-әлпетті тану, қозғалысты қадағалау және көлік ағынын талдау функциялары құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмысты «ізін суытпай» ашуда тиімді құрал екенін дәлелдеді.

Өскемен қаласында аталған бейнебақылау жүйесін дамыту жалғасуда. Облыс орталығындағы қоғамдық орындарға видеоталдау функциясы бар 300 камера орнату жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттырып, өңірде «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайтуға септігін тигізеді.

Серіктес жаңалықтары