$ 512.32  582.92  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте 2,5 айлық сәбидің жүрегіне күрделі ота жасалды

Күрделі ота бес сағатқа жуық уақыт жасалды

Шымкентте 2,5 айлық сәбидің жүрегіне күрделі ота жасалды
Фото: istockphoto.com

Шымкент қалалық балалар ауруханасында алғаш рет 2,5 айлық сәбиге сирек әрі күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігерлер орталық жүйке жүйесінде ақауы бар, иық пен мойын тұсындағы жүйке өрімдері үзілген сәбиге 5 сағатқа созылған ота жасап, сәтті аяқтады. Бұл – елімізде сирек жасалатын ота түрі. Күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен қаржыландырылған.

«Тексеру қорытындылары бойынша күрделі нейрохирургиялы ота жасадық. Ота микрохирургиялық әдіс арқылы микроскоп құрылғысының көмегімен жасалды. Барлығы сәтті өтті. Нәрестеде ешқандай асқынулар жоқ», - дейді қалалық балалар ауруханасының нейрохирург-дәрігері Таңсық Абдуллаев.

Шымкент қалалық балалар ауруханасы – еліміздегі ең ірі балаларға арналған емдеу орталықтарының бірі. Мұнда тәулігіне 500-ден астам бала жедел медициналық көмек алса, 450-ден аса бала стационарлық емдеуден өтеді.

Серіктес жаңалықтары