Жұма күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер ауа райы болжамын мәлім етті

«Қазгидромет» РМК 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с жетеді.
Көкшетауда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Таңертең және күндіз соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Қостанай облысының солтүстік және шығыс бөлігінде таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады. Солтүстік пен шығыс бөлігінде тұман түседі.
Қарағанды облысында таңертең көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Күндіз желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.
Ұлытау облысында таңертең тұман күтіледі.
Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз батыс, солтүстік, оңтүстік бөліктерінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында түнде 2 градус аяз болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде 2 градус аяз болады.
Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аймақтарында түнде қатты жаңбыр жауды. Оңтүстігі, таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Күндіз желдің екпіні – 23 м/с.
Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде, шығыста, күндіз таулы аймақтарда тұман, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.