Тағы 109 бала жазатайым оқиғалардан зардап шекті
Балалар омбудсмені Динара Зәкиева қазақстандық ата-аналарға үндеу жасап, балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Күн сайын елімізде жарақат, асфиксия, биіктен құлау, құдықтарға, терезелерден құлап кету, суға бату, улану, өрт салдарынан 1-2 бала қайтыс болады. Көп жағдайда бұл балалардың қараусыз қалуынан және қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуінен болады. Ересектердің қарауынсыз қалған үш айда 23 бала қаза тауып, 109 бала жазатайым оқиғалардан зардап шекті», - деді ол.
Сондай-ақ омбудсмен Цифрлық даму министрлігімен, ұялы байланыс операторларымен және Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе отырып, барлық ұялы байланыс абонентіне балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын еске салатын хабарлама жіберілгенін айтты. Еске салғыш хабарлама белгілі бір уақыт аралығында жіберіледі.
Омбудсмен бізге қауіпсіздік ережелерін еске салды: