$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында жол апатынан бір күнде 5 адам көз жұмды

Бір күннің өзінде бірнеше жол-көлік оқиғасы болды

Атырау облысында жол апатынан бір күнде 5 адам көз жұмды
Фото: Атырау облысының Полиция департаменті

Атырау облысында бірнеше жол апатынан бір күнде 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, жүргізушілер тарапынан жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуы салдарынан тас жолдарда жол-көлік оқиғалары азаймай отыр.

Өкінішке қарай, тек бір күннің өзінде болған бірнеше жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам көз жұмды.

Атап айтқанда, 15 сәуір күні сағат 05:45 шамасында Toyota Camry маркалы автокөлік аударылып, апат салдарынан үш адам қаза тапты, тағы бір жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Сол күні сағат 15:30 шамасында Сағыз ауылында жасөспірім мотокөлікпен бағанаға соқтығысып, алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Сағат 16:40 шамасында Доссор-Құлсары тас жолының 93 шақырымында жүк көлігі мен ВАЗ-2115 маркалы автокөлік соқтығысып, соның салдарынан тағы бір адам оқиға орнында қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары