17.04.2025, 14:13
Жаңалықтар
Алматыда түнгі уақытта атыс болды
Полиция атыс қаруы бар екі адамды ұстады
Фото: Видеодан скрин
Алматыдағы Өжет ауданында белгісіз біреулер түн ортасында атыс ұйымдастырды. Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ, полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның барысы видеоға түсіріліп, желіге жарияланды. Кадрда қатысушылардың бірі оқиға орнынан кетіп бара жатқан көлікке мылтықтан оқ атып жатқанын көруге болады.
Полиция атыс қаруы бар екі адамды ұстады. Олардың қаруы тәркіленді.
«Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша Түрксіб ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.
Ведомство тергеу іс-шараларын жүргізеді.
Көп оқылған
09.07.2026, 10:56
Алакөл жағасында жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті бір топ ер адам соққыға жықты (ВИДЕО)
09.07.2026, 12:59
Жамбыл облысында шетел азаматы елден 170 млн теңге шығармақ болған