Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қаза тапқандарға арнап мемориалды тақта орнатылды
Қайғылы оқиға өткен жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында болды

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатына байланысты Әзербайжанда қаза тапқан экипаж мүшелері мен жолаушыларды еске алу рәсімі өтті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Azertag.az басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әзербайжандық альпинистер ұшақ апатында қаза тапқан батырлардың есімдері жазылған мемориалды тақтаны «Хыналық және көшпенділер жолы» мемлекеттік тарихи-мәдени-этнографиялық қорығының аумағына орнатты.
Онда экипаж мүшелерінің аты-жөні – Игорь Кшнякин, Александр Кальянинов және Окюма Алиева жазылған, сондай-ақ «Қайтыс болған экипаж мүшелері мен жолаушыларды еске алуға арналған» деген жазуы бар.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан Әзербайжан әуе жолдарының Embraer 190 ұшағы Ақтау әуежайынан үш шақырым жерде апатқа ұшыраған болатын.