Ақтауда түнгі клуб жанында ер адамды соққыға жығып, пышақтап кетті
Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды

Ақтаудағы төбелес кезінде зардап шеккен ер адамға ота жасалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, ота аяқталды. Науқас жансақтау бөліміне жатқызылды.
«Жағдайы ауыр, дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады емдеу мекемесінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, ер адам бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған, сол сияқты қан тамырларына зақым келген, бұдан бөлек травматикалық геморрагиялық шок алған.
Оқиға бүгін таңертең 7-шағын аудандағы ойын-сауық орындарының бірінде болған. Пышақ жарақатын алған ер адам ауруханаға жеткізілді. Полицейлер күдіктіні ұстауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шарасын жүргізіп жатыр.