Аршалыда қарт кісі үйінен шығып кетіп, адасып кеткен: ол бірнеше күннен кейін Астанадан табылды
Ер адам астананың қайта әлеуметтену орталықтарының бірінде табылды

Ақмола облысында қарт кісі үйінен шығып кетіп, адасып кеткен, ол арада бірнеше күн өткен соң Астанадан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция депаратментінің мәліметінше, 13 сәуірде Аршалы АПБ кезекші бөліміне Жібек Жолы ауылының тұрғыны жүгінген. Дірілдеген дауыспен ол ауыр ми жарақатынан азап шегетін және медициналық бақылаудағы ағасы бір күні үйден шығып, қайтып оралмағанын айтты. Бастапқыда ол жақын арада келеді деп үміттенді, бірақ күн өткен сайын мазасыздық күшейе түсті.
Бұл денсаулыққа, адамның өміріне қауіпті болуы мүмкін екенін түсінген полиция қызметкерлері бірден іздестіру шараларына кірісті. Бағдарлар өңірдің барлық аумақтық құрылымдарына, көрші облыстарға және Астана қаласына бағытталды. Іздеуге еріктілер қосылды, патрульдік қызметтер белсенді түрде қатысты.
Біраз уақыттан кейін ер адам астананың қайта әлеуметтену орталықтарының бірінде табылды. Бақытымызға орай, ол аман болды. Көп ұзамай ол үйге жеткізіліп, асыға күткен отбасына қосылды.
«Мен ризашылық білдіретін сөз таба алмай тұрмын. Полицейлер жай ғана ден қоймай, шынымен көмектесті. Қысқа мерзімде олар ағамды тапты. Осы уақыт ішінде мен оған жаман нәрсе болуы мүмкін деп қорқып өмір сүрдім. Мені қиындықта қалдырмағаныңыз үшін рахмет!» — деді табылған адамның әпкесі.