$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да 3200 гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Батыс Қазақстан облысында пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарды

БҚО-да 3200 гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

БҚО-ның Сырым ауданында заңбұзушылықтарға байланысты 3200 гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сырым ауданының прокуратурасы пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Ауданның жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды.

«Қадағалау актілері бойынша жол берілген бұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 24 миллион теңгеден асатын жалпы ауданы 3200 гектардан астам жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде ауылдық жерде тұратын шынниеті бар тұрғындарға қайтарылған жерлерді пайдалануға беруге бағдарланған», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Прокуратура #БҚО