«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова басына түскен қиындығын айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Оның көлігі оталмай қалған

Фото: видеодан скриншот

Белгілі актриса әрі продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова 37 жасқа толған туған күнін атап өтіп жатқан сәтте күтпеген жағдайға тап болды. Көлігі оталмай қалып, айналадан көмек сұрауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Көлігім оталмай қалды. Әрине, аккумулятор отырып қалған. Жақын маңдағы көлігі бар жүргізушілерден прикуритель іздеп шықтым. Бірақ өкінішке қарай, ешкімде жоқ болып шықты», — деп жазды актриса.

Жұлдыз Әбдікәрімова бұл жағдайдан кейін жалғыздықты ерекше сезінгенін жасырмады.

«Әдетте өзіммен бірге алып жүретін жабдық, қырсыққанда сол күні болмады. Осындайда еркелеп, телефон шалып, шақыра салатын жігіттің де жоқтығы білінді», — деп жазды ол парақшасында.

Кейін ол құрбысына хабарласып, мәселе оңынан шешілгенін айтты.