$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ Иранға қатысты қатаң шараларды қарастырады: Трамп мәлімдеме жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады

АҚШ Иранға қатысты қатаң шараларды қарастырады: Трамп мәлімдеме жасады
Фото: AP Photo / Evan Vucci

Трамп Вашингтон ядролық қару жасауға жол бермейді және қажет болған жағдайда қатаң шаралар қолдануға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы ол Ақ үйде Сальвадор президенті Найиб Букелемен кездесу барысында журналистерге айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Олардың ядролық қаруы болмауы керек. Олар АҚШ-пен келіссөз жүргізуге асығуы қажет. Егер бізге өте қатаң әрекет жасауға тура келсе — біз оны жасаймыз», - деді Трамп.

Журналистер Трамптан Иранның ядролық нысандарына соққы беру мүмкіндігі бар ма деп сұрағанда ол «әрине» деп нақты жауап берді.

Иран мен АҚШ арасындағы шиеленісті дипломатиялық жолмен шешу мақсатында 12 сәуірде Оман астанасы Маскатта келіссөздердің алғашқы кезеңі өтті. Иран тарапынан келіссөзге сыртқы істер министрі Аббас Арагчи, ал АҚШ тарапынан президенттің арнайы өкілі Стивен Уиткофф қатысты.

Иран сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кездесу конструктивті және сабырлы жағдайда өткен. Тараптар екінші раундты 19 сәуірде өткізуге келіскен. Келіссөздерден кейін Уиткофф пен Арагчи Оман СІМ басшысының қатысуымен жеке сөйлескен.

АҚШ бұрыннан бері Иранның ядролық қару жасау әрекеттеріне қарсы екенін ашық айтып келеді. Дональд Трамп президент болған кезінде Иранмен жасалған ядролық келісімнен (JCPOA) шыққаны белгілі. Соңғы мәлімдеме екі ел арасындағы қысымды одан әрі күшейтуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары