14.04.2025, 07:11
Жаңалықтар
Сыртқа шықпақ болған: Алматыда мас бойжеткен жоғары қабаттан құлап кете жаздады (ВИДЕО)
Желіде оқиғаның қорқынышты видеосы жарияланды
Фото: Видеодан скрин
Алматы қаласында мас бойжеткен жоғары қабаттан құлап кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде оқиғаның қорқынышты видеосы жарияланды. Кадрда бойжеткен Манхэттендегі тұрғын үй кешенінің төртінші қабатының терезесінен көтеріліп, жіңішке темірге ілініп қалған.
Оның аман-есен және жағдайы жақсы екені белгілі болды. Алматы полициясы тергеу жүргізіп, оқиғаның жалдамалы пәтерде болғанын, ал бойжеткеннің мас болғанын анықтады. Енді айыппұл төлеуіне тура келеді.
«Оқиға орнына дереу жеткен учаскелік полиция қызметкері оқиғаның мән-жайын құжаттап, қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды», - делінген Алматы қалалық ПД хабарламасында.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 09:35
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі уланып қалған футболшылардың көңілін сұрап барған
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды