14.04.2025, 04:31
Жаңалықтар
Оралға келген америкалық турист келеңсіз жағдайға тап болды
Америкалық туристке полиция қызметкерлері жол сілтеді
Фото: Polisia.kz
Оралға қыдырып келген америкалық турист баратын жерінен адасып қалған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Орал қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Дамир Қазиханов пен Нұрсұлтан Иманғазин адасып қалған шетелдік азаматқа көмек көрсетті.
Конор есімді америкалық азамат Монтана штатынан келген. Саяхат кезінде ол Орал қаласында бағытынан жаңылып қалған. Полиция қызметкерлері оған дереу көмек көрсетіп, қажетті жеріне дейін жол сілтеді.
Конор полицейлердің кәсібилігіне, сыпайылығына және жедел көмегіне ризашылығын білдірді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
