13.04.2025, 11:07
Жаңалықтар
Қонаевта көпқабатты үйден өрт шықты: 15 тұрғын эвакуацияланды
Құтқарушылар өртті аз уақыт ішінде толықтай сөндірді
Фото: © istockphoto.com
Қонаев қаласындағы бесқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
«Өрт төртінші қабатта тұтанған. Қою түтін бүкіл кіреберісті басып, тұрғындарға қауіп төндірген. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірді», — делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды