13.04.2025, 04:23
Жаңалықтар
Теміртауда ерлі-зайыпты пәтерімен бірге өртеніп кете жаздады
Оның бірі уланып қалса, екіншісін күйік шалды
Фото: ҚР ТЖМ
Қарағанды облысының Теміртауда ерлі-зайыпты пәтерімен бірге өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт көпқабатты үйдің бесінші қабатынан шықты.
Өртті көршілері ерте анықтап, қалалық ТЖМ өртке қарсы бөлімшелерінің уақтылы шақыртылуының арқасында өрт даму кезеңінде сөндіріліп, газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды.
«ТЖМ қызметкерлері өрт шыққан пәтердің есігін шанс саймандары арқылы ашып, ішінен 1982 жылы туған ер адам мен 1985 жылы туған әйел адамды шығарып құтқарды. Күйік шалған пәтер иесі мен оның жану өнімдерімен уланған жұбайы ауруханаға жатқызылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды