Облыстық прокуратура мәлімдеме жасады
Қызылорда облысында «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмыс істеген 2360 адамға 263,9 млн теңге жалақысы төленбегені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде 2360 жас жұмыскердің жалақысы толық төленіп, конституциялық құқықтары қалпына келтірілді, жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті мекеменің басшылары мен қызметкерлері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
«Облыс прокуратурасы осы тектес заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында қадағалау шараларын күшейтіп, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыруда», - делінген прокуратура хабарламасында.