Оқиға Алматы облысындағы Ерсу ауылының маңында болған
Өзеннің ортасында тұрып қалған көліктен үш адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Алматы облысының Кеген ауданында Ерсу ауылының маңында болған. Өзенді кесіп өтпек болған жеңіл көлік суда қалып қойған.
«Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері дереу жетіп, суға батқан көліктен 3 адамды эвакуациялады», - деп жазылған хабарламада.
Оларға медициналық көмек қажет болмады.