«Қарасайда өткізуге мүмкіндік жоқ»: судья Шерзат Полаттың сот отырысы неге Талдықорғанда өтіп жатқанын түсіндірді
Алматы облысында тергеу изоляторы жоқ болғандықтан, сотталушылар Талдықорғанда отыр

Шерзат Полаттың ісіне қатысты ашық сот отырысында судья Ержан Жанұзақов жәбірленуші тараптың бір адвокатына отырысқа онлайн қатысуға рұқсат бермеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сотқа Әлім Мұстапаевтың атынан өтініш хат келіп түсті. Ол сот отырысына қашықтан қатысуға рұқсат сұраған. Сот отырысқа қашықтан қатысуға рұқсат бермейтінін хабарлайды», - деді Жанұзақов.
Жәбірленушілердің адвокаты сот отырысын қылмыстың болған жерінде, яғни Қаскелең қаласы Қарасай ауданында қарауды сұрады.
«Жетісу ауданына, Талдықорған қаласына келу де шығын. Екіншіден, көпшілігі сол қалада тұруына байланысты Қарасай ауданында тұруына байланысты сол жақта өтуін сұраймыз», - деді жәбірленушілер.
Судья Жанұзақов осы мәселеге қатысты мән-жайды түсіндіріп берді.
«Алматы облысында тергеу изоляторы жоқ. Сотталушылар тергеу изоляторында отыруы қажет. Қазіргі таңда нөмірі 71-мекемеде тергеу изоляторында күзетпен ұсталып отыр. Сондықтан Қарасай ауданы сотының ғимаратында сот отырысын өткізу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан Талдықорған қаласындағы жетісу облысының мамандандырылған сот ғмаратында өткізуді қаулы еттік», - деді судья.