$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында машинистер жанармай ұрлағаны үшін сотталып кетті

11 адамға қатысты сот үкімі жарияланды

Қарағанды облысында машинистер жанармай ұрлағаны үшін сотталып кетті
Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысында жанармай ұрлаған машинистер сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды аудандық соты Қарағанды пайдалану локомотив депосының тепловоздарынан дизель жанар-жағар майын ұрлап, кейін оны қайта сатумен айналысқан 11 адамға қатысты үкім шығарды.

«Сотта мемлекеттік айыптаушы 2024 жылдың мамыр айынан маусым айы аралығында қылмыскерлер алдын ала сөз байласу арқылы, қызметтік жағдайларын пайдалана отырып, заңсыз әрекет жасағандарын дәлелдеді. Олар жол жүру барысында 22,5 тоннадан астам дизель отынын ұрлап, 7 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Сот оларды кінәлі деп танып, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары