$ 518.53  588.17  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте есірткі сатып жүрген кәсіби футболшы мен актер ұсталды

Ішкі істер министрлігі жағдайға қатысты түсініктеме берді

Шымкентте есірткі сатып жүрген кәсіби футболшы мен актер ұсталды
Фото: Видеодан скрин

Қазақстанның бірнеше өңірінде есірткі қылмысы бойынша бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Шымкент қаласында 1,5 кг а-PVP синтетикасымен Орталық Африка азаматы ұсталды. Ол есірткіні Telegram арқылы сатқан.

Күдікті Қазақстанға 2020 жылы табыс табу мақсатында келген. Оның жергілікті футбол командаларының бірінде ойнағаны анықталды.

Сонымен қатар Ақмола облысында 45 жастағы ер адам ұсталды. Оның жол сөмкесінен шамамен 2 кг гашиш табылды. Ол бұрын отандық сериалдардың бірінде қылмыстық топ басшысы ретінде рөл сомдаған.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

Серіктес жаңалықтары