Шетелдіктер ЖСН-ді Қазақстан елшіліктері мен Сыртқы істер министрлігі арқылы ала алады

Автор: Алмас Ерсін

Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Цифрлық даму министрлігінің пилоттық жобасы жыл соңына дейін жалғасады

Фото: gov.kz

Қазақстан 18 сәуірден бастап шетелдіктерге еліміздің шетелдегі мекемелері арқылы жеке сәйкестендіру кодтарын (ЖСН) беруді қайта бастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Пилоттық жобаға 100 елшілік пен консулдық қатысады.

Қазақстандық ЖСН-ді дипломатиялық өкілдіктер арқылы ала алатын шетелдіктер:

  • әлеуетті инвесторлар;
  • тауарларды таңбалау және қадағалап отыру шеңберінде тауар айналымына қатысушылар;
  • Қазақстан азаматтарының жұбайы болып саналатын шетел азаматтары (АХАТ ақпараттық жүйесінде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы белгі қою үшін);
  • егер ата-анасының бірі Қазақстан азаматы болса, шет мемлекет азаматтарының балалары (16 жасқа толмаған);
  • Қазақстанда мұраны қабылдайтын шетелдіктер;
  • Digital Nomad Residence және Digital Nomad Visa бағдарламаларының әлеуетті қатысушылары;
  • мүмкіндігі шектеулі шетел азаматтары;
  • 65 жастан асқан шетелдіктер;
  • өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) өндірушілер мен тіркеушілер;
  • Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалардың, филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің басшылары.

Сонымен қатар өкілдіктердің қызметкерлері ЖСН-ді ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы ала алады.

ЖСН алу үшін өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және оның түпнұсқасын шетелдегі мекемеге алып бару қажет.

Тегтер: