08.04.2025, 21:12
Жаңалықтар
«Сұмдық қой»: Мақпал Жүнісова жол бойындағы дәретханаларды көріп шошыды (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
Әнші Мақпал Жүнісова Жетісу облысы Жаркент қаласына барар жолдағы дәретханаларды көріп шошығанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жаркентке жолға шыққан едім, жолшыбай түскі ас ішеміз деп, бірнеше кафеге кіріп, қарнымыз ашты. Бір жерде дәретхана жоқ, бәрі далада, оның өзінен шошисың. Ауыл басшылары қайда қарап жүрсіздер?», - деп жазды ол желідегі парақшасында.
Әнші жол бойындағы Шелек ауылына соғып, әкімдік ғимаратын видеоға түсіріп алған екен.
«Сұмдық. Шелек ауылының басшылығы халықпен тығыз байланыста болсаңыздаршы. Халық жүретін жолды жинаңыздар. Әкімдіктің алдын ғана тазалап қойыпсыңдар», - дейді Мақпал Жүнісова.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады