$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлытау облысында 14 мыңға жуық киік қырылып қалған

Бұл іске 145 адам жұмылдырылған

Ұлытау облысында 14 мыңға жуық киік қырылып қалған
Фото: ҚР ТЖМ видеосынан скрин

Ұлытау облысында қырылып қалған 14 мыңға жуық киіктің өлекселерін тазарту жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, бұл іске Ұлытау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті органдар және еріктілер жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта 14 мыңға жуық киік өлекселері жиналып, арнайы орындарда жойылып жатыр. Аталған іс-шараға 145 адам және 67 техника жұмылдырылған.

«Кеңгір су қоймасын өлекселерден тазарту жұмыстары төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлері және арнайы техникаларымен жүргізілуде.

Сонымен бірге жергілікті тұрғындар да атсалысып, өздерінің үлестерін қосуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және прокуратура органдарының айрықша бақылауында.

Осыған байланысты азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары