08.04.2025, 09:28
Жаңалықтар
Зеленский Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады
Ол түрлі елдерде елші болған
Фото: hronikatm.com
Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады. Бұл лауазымға Виктор Майко қызметке кірісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Украина президентінің сайтына сілтеме жасап.
«Виктор Майко Украинаның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалсын», - делінген Зеленскийдің жарлығында.
Ол 1960 жылы 6 шілдеде Украинаның Днепропетровск жерінде дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1982 жылы Тарас Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы экономика ғылымдарының кандидаты (Украинаның сыртқы сауда академиясы) ғылыми атағын алды.
- 1982-1984 жылдары «Знамя соревнования» басылымының тілшісі болған.
- 1984-1989 жылдары әскери қызмет.
- 1989-1991 жылдары Украина Ішкі істер министрлігінің басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының бас ғылыми редакторы.
- 1992 - 1994 жылдары «Интерпрофсервис» директоры.
- 1994-1999 жылдары Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде Украина елшілігі құрамындағы сауда-экономикалық миссиясы басшысының орынбасары, басшысы.
- 1999-2000 жылдары инвестициялық ынтымақтастық және валюталық реттеу басқармасының бастығы, Украинаның сыртқы экономикалық байланыстар және сауда министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық басқармасының бастығы.
- 2000-2005 жылдары «Интербудмонтаж» басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
- 2005-2010 жылдары Украинаның Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі, Украинаның Ауғанстан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі (2006-2010).
- 2010-2014 жылдары Украинаның сыртқы істер министрінің орынбасары.
- 2014-2020 жылдары Украина сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
- Украина президентінің 30.12.2020 жылғы № 610/2020 жарлығымен Украинаның Түркіменстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған.
Ағылшын тілін жетік біледі.
Отбасылы, қызы бар.
Көп оқылған
19.09.2026, 06:38
Алматыда өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, қару көрсетіп жүрген бес жігіт ұсталды (ВИДЕО)
19.09.2026, 07:38
Павлодарда Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның мәйіті бір аптадан кейін табылды (ВИДЕО)
19.09.2026, 08:55
Сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
19.09.2026, 12:17
Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бойжеткен аман-есен табылды
19.09.2026, 14:08
Президентке Астананы абаттандыру жұмыстары туралы баяндалды
20.09.2026, 00:28
Қытайда магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі болды