Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы жаңа пандемияға дайындалуға шақырды
ДДСҰ басшысы жаңа пандемия «20 жылдан кейін немесе тіпті ертең» басталуы мүмкін деген бұрынғы сөзін қайталады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус ерте ме, кеш пе жаңа пандемия таралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТАСС-қа сілтеме жасап.
Ол COVID-19 індетінің әлемдегі ауыр зардаптарын еске салып, «келесі пандемия күтпейтінін» атап өтті.
ДДСҰ басшысы жаңа пандемия «20 жылдан кейін немесе тіпті ертең» басталуы мүмкін деген бұрынғы сөзін қайталады.
«Бірақ бұл бәрібір болады және кез келген жағдайда біз дайын болуымыз керек», - деді ол.
Ол ресми деректерге сәйкес, COVID-19-дан жеті миллион адам қайтыс болғанын еске салды.
"Бірақ біз нақты санды 20 миллион деп есептейміз. Ал адам шығынына қоса, пандемия жаһандық экономикадағы 10 триллион доллардан астам қаржыны жойды", - деді Гебрейесус.
Ол пандемия келісімі бойынша келіссөздерде консенсусқа қол жеткізу мүмкіндігіне сенім білдірді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы мұндай келісім ДДСҰ-ға мүше кез келген мемлекеттің «егемендігіне нұқсан келтірмейді», керісінше, «ұлттық егемендік пен халықаралық іс-әрекетті нығайтады» деп сендірді.