Өскеменде монша кешеніндегі өрт сөндірілді

Автор: Дәулет Ботагөз

Өрт шатыр бөлігінен басталған

Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында монша кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Әл-Фараби көшесінде орналасқан бір қабатты монша кешенінде тіркелген. Өрт шатыр бөлігінен басталған.

«Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынмен күресіп, 200 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді», – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.