Қазақстанда сұйытылған газды шетелге шығаруға тыйым салынбақ

Автор: Дәулет Ботагөз

Тыйым 2025 жылғы 14 мамырдан бастап күшіне енбек

Фото: © istockphoto.com

Қазақстанда 2025 жылдың мамыр айынан бастап сұйытылған газ, пропан және бутанды ел аумағынан шығаруға алты айға тыйым салу жоспарлануда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Энергетика министрлігі әзірлеген «Сұйытылған мұнай газын тасымалдауға байланысты кейбір мәселелер туралы» бұйрық жобасына сәйкес, келесі өнім түрлерін автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға уақытша шектеу енгізілмек: сұйытылған мұнай газы, пропан, бутан.

Тыйым 2025 жылғы 14 мамырдан бастап күшіне еніп, алты айға созылады. Бұл шара ел ішіндегі сұйытылған газдың тапшылығын болдырмау және ішкі нарықты қамтамасыз ету мақсатында қабылдануда. Аталған бұйрық жобасы 2025 жылдың 21 сәуіріне дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.