Видеоны тележүргізуші Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады
Жуырда тұрмысқа шыққан танымал тележүргізуші Динара Сәтжан күйеуі Жұмабек Жанықұловпен түскен видеосын жариялап, жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоны тележүргізуші Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады. Оның жазбасына желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін жаудырды.
«Динара бақыттан бал-бұл жайнап тұр», «Ди, сенің күлгеніңе бәріміз мәзбіз», «Меніңше, Қазақстандағы барлық әйел адам қуанып отырған сияқты», «Динара оны әдемі етіп киіндіріп қойыпты», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, жуырда тұрмысқа шыққан тележүргізуші күйеуінің тегіне өтетінін ресми түрде айтқан болатын.