Қазақстан полициясы мопед иелеріне үндеу жасады
Қазақстанда бүгіннен бастап тіркелмеген мопедтердің жол бойында жүруіне тыйым салынады. Осыған байланысты Қазақстан полициясы үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін еліміздің жолдарында полицейлер азаматтарға жаңа талаптар мен ережелерді белсенді түрде түсіндіруде.
«Тәртіп сақшылары мопед иелеріне арнайы XҚO-ға барып, көлік құралдарын тіркеу және тиісті құжаттарды алу қажеттігін еске салуда.
Бүгінде республика бойынша 23 мыңнан астам мопед тіркелген. Заңға сәйкес оларды тек А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда ғана жүргізуге болады», - делінген полиция хабарламасында.