Ал аурухана директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Абай облысының Жаңасемей ауданында жүргізілген тексеру барысында балаларға арналған міндетті медициналық тексерулердің дұрыс өткізілмегені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылы Абыралы ауылында 342 бала міндетті медициналық тексеруден өтпеген, бұл олардың тегін медициналық көмек алу құқығын бұзған. Сонымен қатар есту қабілетін тексеруі тиіс 214 баланың тек 39-ы ғана тексерілген. Жалпы алғанда, 517 бала қажетті тексерулерден тыс қалған.
Прокуратураның мәліметінше, тексерулерден кейін бұл балаларға медициналық қызмет көрсетіле бастаған. Ал аурухана директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Қадағалау органы алдағы уақытта да балалардың денсаулығын қорғау бағытындағы заңбұзушылықтарға қатаң назар аударатынын ескертті.