$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміз Орталық Азия елдері арасында бірқатар сала бойынша көш бастады

Былтыр Қазақстан жаңа жобаларға 15,7 миллиард доллар инвестиция тартып, аймақта бірінші орынды иеленді

Еліміз Орталық Азия елдері арасында бірқатар сала бойынша көш бастады
Фото: depositphotos.com

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында жалақы көлемі, инвестиция тарту, цифрландыру саласы бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

ТМД мемлекетаралық статистикалық комитетінің мәліметінше, былтыр еліміздегі орташа номиналды жалақы 817,2 доллар болған. Өзбекстанда бұл көрсеткіш 437,8 доллар болса, Қырғызстанда орташа айлық 411,2 долларға жетті. Ал Тәжікстан бұл бағытта елімізден 3,5 есе артта қалды. Ондағы орташа номиналды жалақы мөлшері – 242,8 доллар.

Сондай-ақ былтыр Қазақстан жаңа жобаларға 15,7 миллиард доллар инвестиция тартқан. Екінші орынға Өзбекстан тұрақтады. Ал үшінші орынға 2,1 миллиард доллармен Қырғызстан жайғасқан. Әзербайжанға 1,2 миллиард, Түрікменстанға 339 миллион доллар инвестиция құйылған.

Бұдан бөлек еліміз цифрландыру саласы, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім мен  паспорт беріктігінің көрсеткіштері, қарулы күштер және тағы басқа бағыттарда да алға шықты.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#экономика