Алматыда студенттер ВИЧ инфекциясы бар науқастардың мәліметтерін жариялап жіберген

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қазір осыған қатысты тергеу жүріп жатыр

Фото: istockphoto.com

Желіде Алматыдағы медициналық колледж студенттері мессенджерлер арқылы ВИЧ індетін жұқтырған науқастар туралы мәліметтерді жариялағаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақпараттың жарияланып кеткені туралы ақпарат Qumash Telegram арнасында жарияланды.

Хабарламада медициналық колледж студенттерінің WhatsApp чатында ВИЧ індетін жұқтырған тұрғындардың деректерін жария еткені айтылады. Оларды зертханада тағылымдамадан өту кезінде алған-мыс.

Алматы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

«Оқиға бойынша Алматы қалалық полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр, нақтылығы мен объективті мәліметтері анықталып, нәтижесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады», - деп жауап берді департамент.