04.04.2025, 13:08
Жаңалықтар
Жаркентте жол апатынан бір адам көз жұмды
Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Видеодан скрин
Жаркент қаласында жол-көлік оқиғасынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram желісіндегі «VZharkent» парақшасында жарияланды.
Жол-көлік оқиғасы Уәлиханов пен Жібек жолы көшелерінің қиылысында болды.
«Мицубиси жүргізушісі қарсы келе жатқан «Мерседес» көлігімен соқтығысты, осыдан кейін инерция салдарынан жеңіл көлік «Ауди» көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Жетісу облыстық департаментінің баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Барлық көлік мамандандырылған тұраққа жіберілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
17.09.2026, 06:31
Астанада ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған: қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды (ВИДЕО)
Бүгін, 00:43
Әйелін балаларының көзінше қан-жоса етіп ұрған: Шымкентте ер адамның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)