$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Еуропалық қайта құру және даму банкі бірлескен жобалар арқылы 935 млн доллар инвестиция тартты

Былтыр Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі 25 жобаны қаржыландыру туралы келісімге қол жеткізді

Қазақстан мен Еуропалық қайта құру және даму банкі бірлескен жобалар арқылы 935 млн доллар инвестиция тартты
Фото: istockphoto.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде экономиканың түрлі секторындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Былтыр Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі 25 жобаны қаржыландыру туралы келісімге қол жеткізді. Бұл жобаларға тартылған инвестиция көлемі 935 миллион долларды құрады.

Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевқа «жасыл экономика» бағдарламаларын жүзеге асыру барысы туралы мәлімдеді. Бұл бастамаға ЕҚДБ 2 миллиард еуро инвестиция құюды жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысы қазақстандық банк секторының өркендеуіне қолдау көрсеткені үшін ЕҚДБ президентіне алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо қаржы саласындағы жаһандық үрдістер жөнінде пікір алмасты.

Серіктес жаңалықтары